«Саябақтар шеруі-2024» табиғат қорғау акциясы негізінде, «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты Республикалық мемлекеттік мекемесінің мамандары Қарой ауылдық округінің әкімшілігі, Мәдениет үйі, Алматы облысы Балқаш ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы, «Үлгілі» орта мектебі, «Бөбек» балабақшасының қызметкерлерімен бірігіп, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Мөлдір бұлақ» апталығы аясында Нарын өзенінің жағасын тазалау мақсатында, «Таза жағалау күні» атты тазалық іс-шарасын өткізді.