Саябақтар шеруі-2024

Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамында, «Іле-Балқаш» МТР РММ -нің «Саябақтар шеруі-2024» халықаралық табиғатты қорғау акциясының салтанатты ашылу рәсімі Қарой ауылдық округінің мәдениет үйінің алаңында мекеменің бас директоры Қанат Сауытханұлы Қожабековтің құттықтау сөзімен бастау алып, құрылған жоспар бойынша жалғасын тапты.
«Саябақтар шеруі-2024» халықаралық табиғатты қорғау акциясы аясында мемлекеттік орман қоры аумағында өрт қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында өрт сөндіру көліктерінің шеруі өтті. Өрт сөндірушілердің табиғатты өрттен қорғаудағы еңбектерін бағалайды деген мақсатта «Өрт сөндірушінің бір күні» атты спорттық жарыс ұйымдастырылып, ұлттық спорт қол күресімен жалғасын тапты. Дүнижүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) демеушілігімен, жарысқа қатысқан жеңімпаздарды бағалы сыйлықтармен марапаттап, мекеме атынан алғыс хаттар табыс етілді.