ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев пен Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің, төрағасы Данияр Тұрғамбаев «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватына жұмыс сапарымен келді.

Қазақстанға жолбарысты қайта жерсіңдіру бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстармен танысу үшін, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев пен Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің, төрағасы Данияр Тұрғамбаев «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватына жұмыс сапарымен келді. Тұран жолбарысының популяциясын қайта қалпына келтіру жұмысымен «Жануарлар мен өсімдіктердің сирек түрлерін сақтау қоры» қоғамдық қорының басшысы Григори Мазманянц резерват аумағына әкелінетін жолбарыстарға арнайы салынып жатқан қоршауымен және жаңадан салынған жануарларды бақылау орталығымен таныстырды. «Іле-Балқаш» мелекеттік табиғи резерватының бас директоры Қанат Қожабеков өрт қауіпті маусымына дайындық жұмыстарымен және резерват аумағында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы баяндама жасады.