«Еңбек – адамның көркі, адам – заманның көркі»

«Іле-Балқаш» МТР РММ-нің бас директоры Кожабеков Канат Саутханович, «Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі қызметкерлерінің салалық кәсіби одағы қоғамдық бірлестігі», Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі» үшін төсбелгісімен марапатталды.

Сонымен қатар, «табиғи кешендер мен объектілерді қорғау» бөлімінің бастығы Мулкибеков Болатбек Әбенович, ҚР Экология табиғи ресурстар министрлігінің «Еңбек ардагері» төсбелгісімен, «Балқаш маңы» филиалының директоры Мусырпанов Ермек Серикбаевич, ЕҚТА саласындағы белсенді ынтымақтастық және ғылыми әзірлемелерді енгізгені үшін «Биоәртүрлілікті сақтау ісіне қосқан үлесі» үшін ІІІ дәрежелі төсбелгісімен, аумақтық мемлекеттік инспекторы Байғазаков Мұратәлі Сатыбалдыұлы,  Ормандарды қорғауда, биологиялық әртүрлілікті сақтауда және көбейтуде қол жеткізген табыстары үшін, орман шаруашылығы саласында белсенді ынтымақтастық жасағаны және талдамаларды өндіріске енгізгені үшін «Еңбек сіңірген орман өсіруші» құрметі атағы төсбелгісімен,  орман пайдалану инженері Айтмаганбетов Аскар Манасович, Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар Федерациясы «Еңбек Адамның мүддесін қорғау мен кәсіподақ қозғалысын дамытудағы сіңірген еңбегі» құрмет грамотасымен, «Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі қызметкерлерінің салалық кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігі» Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай республиканың биоалуантүрлілігін сақтауға және орман шаруашылығын дамытуға қосқан үлесі үшін орман пайдалану инженері Әшімов Дәуіржан Нұрғалиұлы, аңтанушы Кумисбаева Гулзира Кумисбаевна,  аумақтық мемлекеттік инспекторы Сыздыкбеков Саят Маратұлы құрмет грамоталарымен, аумақтық мемлекеттік инспекторы Абжапаров Аманхас Кожахметович, Жунисбеков Руслан Айтбаевич, жүргізуші Жексембеков Азамат Ельаманович алғыс хаттарымен марапатталды.

Еңбектеріңіз жемісті, марапаттарыңыз құтты болсын!!!