«Саябақтар шеруі-2024» табиғат қорғау акциясы аясында, ағымдағы жылы сәуір айының 29-ы «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні» атты іс-шарасы Карой ауылдық округіне қарасты, Қарой ауылында «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының ұйымдастыруымен өтті. Ауылды көгалдандыру іс-шарасына мемлекеттік инспекторлармен бірге, Қарой ауылдық округінің әкімшілігі, мәдениет үйі, орман шаруашылық саласы, білім беру саласы, өртке қарсы саласы, денсаулық сақтау саласы қызметкерлері, кәсіпкерлер, жастар мен ауыл тұрғындары белсенді қатысып, 400 түп ағаш көшеттерін (алма ағашы-200, үйеңкі-100, терек-50, қайың-50 түп) отырғызды.