Қарақұйрық (лат. Gazella subgutturosa)

Іле-Балқаш резерватында жабайы аңдарға арнайы биотехникалық жұмыстар жүргізілуде. Құдық басындағы науалар суға толтырылып аңдар су ішуде және арнайы фототұзақтар орналастырылған. Сол фототұзаққа түскен Қарақұйрық (лат. Gazella subgutturosa) – сүтқоректілер класының қуысмүйізділер тұқымдасына жататын және Қазақстан Республикасының қызыл кітабына енген III-ші санатты яғни саны қысқарып бара жатырған түр. Сәйкесінше оны аулауға қатан тиым салынады.