КӘСІБИ ЕҢБЕК – ЛАЙЫҚТЫ БАҒАЛАНДЫ

«Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының бірқатар қызметкері Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің марапаттарына ие болды.
Атап айтқанда:
• Уркинбаев Аманжол Темирбекович – «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты бас директорының орынбасары, биоалуантүрлілікті сақтау ісіне қосқан үлесі үшін III дәрежелі медальмен;
• Айтмаганбетов Асқар Манасұлы – орман пайдалану инженері, III дәрежелі медальмен;
• Әшімов Дәуіржан Нұрғалиұлы – аумақ қорғау инспекторы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы жоғары көрсеткіштері, кәсіби шеберлігі және саланың дамуына қосқан үлесі үшін марапатталды.
Марапаттар қызметкерлердің өздеріне жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен орындауы, кәсіби біліктілігі, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды сақтау мен дамыту бағытындағы нәтижелі еңбегі үшін табысталды.
Бұл марапаттар – табиғи мұраны қорғау жолында еңбек етіп жүрген мамандардың кәсіби қызметіне берілген лайықты баға. Өйткені табиғат байлығын сақтау, биоалуантүрлілікті қорғау және экологиялық тепе-теңдікті қамтамасыз ету – үлкен жауапкершілікті, табандылық пен адал еңбекті талап ететін маңызды міндет.
«Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты марапат иелерін шын жүректен құттықтайды! Алдағы қызметтеріне табыс, толағай жетістіктер және жаңа кәсіби белестер тілейді!