🔥 Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерваты аумағында өрттің алдын алу шаралары күшейтілді

Өрт қауіпті маусымында өрт қауіптілік сыныбының жоғарылауына байланысты мемлекеттік орман қоры аумағындағы өрттің алдын алу мақсатында орман алқаптарына шекаралас орналасқан демалыс орындарында келушілерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара барысында демалушыларға өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндіріліп, ескерту парақшалары мен үнпарақтар таратылды.

Профилактикалық іс-шараға Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Алматы облыстық аумақтық инспекциясының бас мамандары, «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының қызметкерлері және «Бақанас орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері бірлесіп қатысты.

 

🌿 Табиғатты аялау – әр азаматтың ортақ міндеті! Орманда өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз.