«Жолбарысты қайта жерсіндіру бағдарламасы және экологиялық мәдениет»

«Парктер шеруі–2026» халықаралық табиғатты қорғау акциясы аясында АҚ «Алатау жарық компаниясының» Балқаш ЭТА және Балқаш ауданы бойынша мансап орталығы мамандарына арналған экологиялық кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында «Қазақстанда жолбарысты қайта жерсіндіру бағдарламасы» аясында атқарылып жатқан жұмыстар таныстырылып, табиғатты қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңызы кеңінен түсіндірілді. Сондай-ақ қатысушылар тарапынан тақырып бойынша пікір алмасу жүргізілді.