Кездесу барысында мамандар Қазақстанда жолбарысты қайта жерсіндіру бағдарламасының жүзеге асырылу кезеңдері, «Іле-Балқаш» резерваты аумағында жүргізіліп жатқан жұмыстар, жолбарыстың тарихи таралу аймағы мен оның табиғаттағы маңызы туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар, студенттер жолбарысты қайта жерсіндіру жобасының ерекшеліктерімен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.
🐅 Жолбарысты қайта жерсіндіру – табиғи экожүйені қалпына келтірудегі маңызды бастамалардың бірі.
