🐅 Қазақстанға жолбарысты қайта жерсіндіру – табиғатты қалпына келтірудегі маңызды қадам

«Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының «Экологиялық ағарту, рекреация және туризм» бөлімі мамандары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Ботаника және агроэкология» және «Зоология, гистология және цитология» кафедраларының профессор-оқытушылар құрамына, сондай-ақ докторанттары мен магистранттарына «Қазақстанға жолбарысты қайта жерсіндіру бағдарламасы» тақырыбында экологиялық дәріс өткізді.

Дәріс барысында жолбарысты тарихи мекеніне қайта жерсіндіру жобасының маңыздылығы, Іле-Балқаш өңірінің табиғи ерекшеліктері, биоалуантүрлілікті сақтау бағытындағы жұмыстар және экожүйені қалпына келтіру шаралары туралы кеңінен ақпарат берілді.

Іс-шара соңында қатысушылар тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, пікір алмасу ұйымдастырылды. Сонымен қатар, екі мекеме арасындағы ғылыми-танымдық ынтымақтастықты нығайту мәселелері де талқыланды.