🧩🎨 Табиғатты тану – балалықтан басталады!

«Парктер шеруі – 2026» табиғатты қорғау экологиялық акциясы аясында «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының мамандары «Бояулы» шағын жинақталған бастауыш мектебінің оқушыларымен танымдық-шығармашылық іс-шара өткізді.

Іс-шара барысында оқушылар резерват аумағында кездесетін жануарлардың суреттерін бояп, жолбарыс бейнесі бейнеленген танымдық пазлдар құрастырды. Сонымен қатар оқушыларға жабайы жануарлар дүниесі, олардың тіршілік ету ортасы және табиғатты қорғаудың маңыздылығы туралы қызықты мәліметтер айтылды.

Шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың қоршаған ортаға деген қызығушылығын арттырып, табиғатқа жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу.