«Таза Қазақстан» бастамасы аясында өткізілген «Таза жағалау» акциясы

24 сәуір күні «Таза Қазақстан» және «Парктер шеруі–2026» табиғатты қорғау экологиялық акциялары аясында «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының ұйымдастыруымен Қарой ауылдық округінде «Таза жағалау» акциясы өткізілді.
​Акцияның басты мақсаты – жағалау аймақтарының тазалығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыру, табиғатқа жанашырлықты арттыру және тұрғындарды экологиялық жауапкершілікке баулу.
​Аталған іс-шара жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Акция барысында Нарын өзенінің жағалауы қоқыс пен тұрмыстық заттардан тазартылып, арнайы техника көмегімен жиналған қоқыстар белгіленген орындарға шығарылды.
​Іс-шараға резерват қызметкерлерімен қатар, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Алматы облыстық аумақтық инспекциясының бас маманы, өндірістік практикадан өтіп жатқан Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің орман шаруашылығы мамандығының студенті, сондай-ақ Қарой ауылдық округінің мекеме ұжымдары мен ауыл тұрғындары белсенді қатысып, қоршаған ортаны таза ұстауға өз үлестерін қосты.

Табиғат үшін жасалған аз уақыттық еңбек – үлкен нәтиже!
Таза табиғат – баршамыздың ортақ байлығымыз!