«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының әкімшілік кеңсесі және оған іргелес аумақта сенбілік жұмыстары ұйымдастырылып, өткізілді.

Аталған іс-шараның басты мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, аумақтың санитарлық жағдайын жақсарту және экологиялық жауапкершілікті арттыру.

Сенбілікке қатысқан қызметкерлер аумақты қоқыстан тазалап, санитарлық-тазалық және абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Табиғатты аялау – әрбір азаматтың ортақ міндеті.