🌿 «Іле–Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің мамандары «Үлгілі» орта мектебінің 6 «Ә» сынып оқушыларына Қарой ауылдық округіндегі қызметтік үйіне танымдық экскурсия ұйымдастырды.

Экскурсия барысында оқушылар:
🌱 Жылыжай жұмысымен танысты
🦌 Резерват аумағының табиғи ерекшеліктері туралы мәлімет алды
🚒 Қызметтік көліктердің қолданылу тәртібімен танысты

💚 Мұндай іс-шаралар оқушылардың табиғатқа деген қызығушылығын арттырып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді.