«Жолбарыс қайта оралған мекен» – «Парктер шеруі–2026» аясында өткізілген сурет байқауы.

«Парктер шеруі–2026» табиғатты қорғау акциясы аясында «Үлгілі орта» мектебіне қарасты «Балалар өнер» мектебінің сурет үйірмесінің тәрбиеленушілері арасында «Жолбарыс қайта оралған мекен» атты сурет байқауы өткізілді. Байқау қорытындысы бойынша балалардың өз қиялынан туған үздік туындылардан арнайы көрме ұйымдастырылып, жас суретшілердің табиғатқа деген сүйіспеншілігі мен шығармашылық ой-өрісі кеңінен көрініс тапты.