«Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты аумағында табиғатты қорғау мақсатында рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде жүргізілуде. Аталған жұмыстардың негізгі мақсаты – заңсыз балық аулау фактілерінің алдын алу және табиғи ресурстарды сақтау.
Рейд барысында инспекторлар су айдындарын бақылап, балық аулау ережелерінің сақталуын тексерді. Сонымен қатар, тұрғындар мен балықшыларға табиғатты қорғау талаптары түсіндіріліп, профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
Табиғатты қорғау – әр азаматтың ортақ міндеті!
