Қарой ауылдық округіндегі «Үлгілі» орта мектебінде «Парктер шеруі–2026» халықаралық экологиялық акциясының салтанатты ашылуы өтті. Іс-шара табиғатты аялауға үндеген әсерлі шерумен басталып, оған резерват қызметкерлері, «Жасыл Life» мектеп орманшылығының оқушылары және ауыл тұрғындары қатысты.
✨ Ашылу барысында ұйымдастырушылар акцияның басты мақсаты – ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды сақтау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоғамның табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру екенін атап өтті.
🎤 Оқушылар тақпақ айтып, ән шырқап, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін шығармашылық арқылы жеткізді.
🎯 Қызықты экологиялық ойындар мен сайыстар ұйымдастырылып, қатысушылар өз білімдерін шыңдады.
🌱 Іс-шара аясында мектеп ауласына ағаш көшеттері отырғызылып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.
💚 Бұл акция – табиғатты қорғау жолындағы нақты қадам әрі ауыл тұрғындары мен жалпы халықты игі іске біріктіретін маңызды шара.
🌍 Табиғатты қорғау – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз!
