Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжінде «Сексеуіл күні: шөлді қорғайық болашақты сақтайық» атты танымдық дәріс өткізілді.
Дәрісті «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының «Экологиялық ағарту, рекреация және туризм» бөлімінің мамандары жүргізді.
Дәрістің негізгі мақсаты – студенттердің табиғатқа деген қызығушылығын арттыру, сексеуілдің шөл экожүйесіндегі маңызын түсіндіру және қоршаған ортаны қорғауға деген көзқарасты қалыптастыру.
Қатысушылар сексеуіл өсімдігінің ерекшеліктері, оның құмды алқаптарды бекітудегі рөлі және табиғатты сақтаудағы маңызы туралы кеңінен мәлімет алды. Сонымен қатар, дәріс барысында студенттермен пікір алмасу жүргізіліп, табиғатты аялауға шақыру жасалды.
🌱 Табиғатты қорғау – әрбір азаматтың міндеті!
