🔥 Назар аударыңыз: Өрт қауіпті маусымы басталды! 🔥

«Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты табиғатты қорғау мақсатында көршілес шаруа қожалықтарына және де демалыс орындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады!

⚠️ Маңызды:
✅ Орманда, құрғақ шөпті жерлерде от жағуға қатаң тыйым салынады!
✅ Шылым қалдықтарын, шыны бөтелкелерді, жанғыш материалдарды жерге тастамаңыз.
✅ Күдікті түтін немесе өрт байқасаңыз, тез арада 101 немесе 112 нөміріне хабарласыңыз!

♻️ Өрт – табиғатқа орны толмас зиян келтіреді!
Табиғатты бірге қорғайық!