🌿 Өрттің алдын алу – ортақ міндет!

«Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының қызметкерлері табиғи аумақтарды қорғау және орман өрттерінің алдын алу мақсатында мемлекеттік орман қоры жерлерімен шектесетін қонақ үйлер мен демалыс орындарында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Түсіндіру барысында демалушылар мен қызметкерлерге өрт қауіпсіздігі ережелері таныстырылып, табиғатқа ұқыпты қараудың маңыздылығы түсіндірілді. Әсіресе, ашық от жақпау, темекі тұқылын тастамау және қоқысты дұрыс жою қажеттігі ескертілді.

🔥 Табиғатты қорғау – әрбір азаматтың міндеті!
Орманды бірге сақтайық!