Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық қорғау инспекциясы бас мамандары мен Балқаш аудандық төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері бірлесіп, «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының басшылық лауазым атқармайтын мемлекеттік инспекторларына және ОӨСС қызметкерлеріне оқу-жаттығу өткізді.
Оқу барысында төтенше жағдайлардың алдын алу, қауіпсіздік талаптарын сақтау, сондай-ақ табиғатты қорғау саласындағы қызметкерлердің іс-қимыл тәртібі түсіндірілді. Сонымен қатар мамандар тарапынан тәжірибелік кеңестер беріліп, төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету алгоритмдері талқыланды.
Бұл оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру және табиғи аумақтарды қорғау кезінде қауіпсіз әрі тиімді жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру.
