🌿 Дүниежүзілік жабайы табиғат күніне арналған экодәріс

3 наурыз – Дүниежүзілік жабайы табиғат күніне орай Бақанас мектеп-интернаты базасында экологиялық дәріс өткізілді.

Дәріс барысында оқушыларға жабайы табиғаттың маңызы, биоалуантүрлілікті сақтау және экологиялық жауапкершілік туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың табиғатқа деген көзқарасын қалыптастыру және экологиялық білімін арттыру.