«Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты қызметкерлері мен
«Төменгі Іле балық инспекциясы — Балқаш-Алакөл облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы» мамандарының қатысуымен бірлескен рейдтік іс-шара өткізілді.
Рейд барысында:
🔹 Су айдындарында балық аулау ережелерінің сақталуы тексерілді
🔹 Заңсыз ау құралдарын қолдану деректері бойынша бақылау жүргізілді
🔹 Табиғатты қорғау заңнамасының талаптары түсіндірілді
Мақсаты – су биоресурстарын сақтау, браконьерліктің алдын алу және құқықбұзушылықтарға жол бермеу.
Табиғатты қорғау – әр азаматтың ортақ міндеті!
