🌍 2 ақпан – Сулы-батпақты алқаптар күніне орай «Үлгілі» атындағы орта мектебі мен «Ә.Ахметов» атындағы орта мектептерінде экологиялық дәріс өткізілді.

Дәріс барысында оқушыларға сулы-батпақты алқаптардың табиғаттағы маңызы, олардың биоалуантүрлілікті сақтаудағы рөлі, су ресурстарын қорғау және экожүйе тепе-теңдігін сақтау жайлы мағлұматтар берілді.

Мұндай танымдық кездесулер жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға және табиғатты аялауға тәрбиелеуге бағытталған.

♻️ Табиғатты бірге қорғайық!