«Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты аумағында табиғатты қорғау заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.
Рейд барысында заңсыз аңшылықтың, балық аулаудың және табиғи ресурстарды рұқсатсыз пайдаланудың алдын алу бағытында бақылау күшейтілді. Сонымен қатар, демалушылар мен жергілікті тұрғындар арасында табиғатты қорғау талаптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
🌿 Табиғатты қорғау – баршамыздың ортақ міндетіміз!
