«Аралтөбе» орта мектебінде кезекті дәрістер өткізілді

«Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының мамандары экологиялық ағарту жұмыстарын жалғастыруда. Бүгін «Аралтөбе» орта мектебінде оқушыларға табиғатты қорғау, жануарлар дүниесін сақтау тақырыптарында кезекті дәрістер өткізілді.

Дәріс барысында оқушыларға резерваттың маңызы, экожүйені сақтау жолдары түсіндіріліп, оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында сұрақ-жауап ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың экологиялық сауаттылығын арттыру және туған табиғатқа деген жауапкершілігін қалыптастыру.