Оқушыларға сирек жануарларды сақтау, олардың табиғаттағы рөлі және резерват аумағында жүргізіліп жатқан қорғау жұмыстары туралы маңызды мәліметтер берілді.
Бүгін «Көкжиде» орта мектебі және «Ә.Ахметов» атындағы орта мектебінде «Жолбарыстың Қазақстанға оралуы» және «Іле-Балқаш МТР аумағындағы Қызыл кітапқа енген жануарлар және оларды қорғау шаралары» тақырыптарында ақпараттық дәрістер өткізілді.
