«Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының Балқаш маңы филиалына қарасты мемлекеттік орман қоры жерінде жер жыртылып, 625 кг қара сексеуіл тұқымы жиналып, 125 гектар аумаққа себілді.
Аталған жұмыс шөл және шөлейт аймақтардағы экожүйені қалпына келтіру, топырақ эрозиясының алдын алу және орман алқабын ұлғайту мақсатында жүзеге асырылды.
🌾 Қара сексеуіл – шөл дала табиғатының басты байлығы, экожүйенің тұрақтылығын сақтауда маңызды рөл атқарады.
