🛡 Сыбайлас жемқорлық және біліктілікті арттыру бойынша далалық оқу-жаттығу сабағы

«Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты ұжымында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған оқу-жаттығу сабағы өтті.

Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, қызметтік этиканы сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және заң талаптарын қатаң орындау бойынша маңызды түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және қызметтегі ашықтық пен адалдық қағидаттарын нығайту.

🔍 Іс-шара ұйымдағы жауапкершілікті күшейтіп, кәсіби тиімділікті арттыруға ықпал етеді.