🌲 Орман шаруашылығы қызметкерлері күнімен! 🌿

Бүгін — орманды қорғап, табиғатты аялауды өмірлік парыз санайтын жандардың кәсіби мерекесі! 💚

«Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының ұжымы осы айтулы күні орман шаруашылығы саласында еңбек етіп жүрген барлық әріптестерді шын жүректен құттықтайды!

Орман — ұлт байлығы, ал оны қорғау мен сақтау — сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің жемісі. 🌳

Баршаңызға зор денсаулық, отбасылық береке және еңбектеріңізге сәттілік тілейміз! Табиғаттың тынысын сезіп, туған жердің жасыл байлығын қорғауда әрдайым абырой биігінен көріне беріңіздер! 🌿