🌿 Орман шаруашылығы қызметкерлері күніне орай марапаттау! 🌲

Бүгін «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының бас директоры Қожабеков Қанат Сауытханұлы орман шаруашылығы саласында адал еңбек етіп жүрген қызметкерлерге мерекелік грамоталар табыстады.

Бұл марапат — табиғатты қорғау, орман байлығын сақтау және экологиялық тұрақтылықты нығайту жолындағы тынымсыз еңбектің бағалануы. 🌳

Сонымен қатар, ерекше атап өтер жайт —
резерваттың аумақты қорғау инспекторы Абжапаров Аманхас Кожахметұлы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының
«Биоалуантүрлілікті сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» III дәрежелі төс белгісімен марапатталды. 🏅

Құрметті әріптестерімізді кәсіби мерекемен құттықтаймыз!
Еңбектеріңіз табысты болып, табиғатты қорғау ісіндегі жетістіктеріңіз арта берсін! 💚🌍