🌲 Орман байлығы – ұлт болашағы! Ал оны сақтау – табиғатты шын жүректен сүйетін кәсіби мамандардың басты міндеті. 💚

Табиғаттың тынысын сезіп, әрбір ағашты аманат деп қабылдайтын сондай жанның бірі – «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының орман пайдалану инженері Әшімов Дәуіржан Нұрғалиұлы.

Оның еңбегі тек құжатпен шектелмейді — күннің ыстығына, боран мен жауынға қарамай, орманды аралап, ағаштардың жағдайын бақылайды, заңсыз әрекеттердің алдын алады, табиғатты қорғау жолында табандылықпен еңбек етеді. 🌿

🔹 Орман ресурстарын зерттейді және олардың дұрыс пайдаланылуын жоспарлайды;
🔹 Ағаш отырғызу мен орманды қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастырады;
🔹 Табиғатты ұтымды әрі қауіпсіз пайдалану жолдарын ұсынады;
🔹 Әр отырғызылған ағашты – келешек ұрпаққа қалдырған қазына деп біледі. 🌳

Мұндай мамандардың еңбегі көпшілікке байқалмауы мүмкін, бірақ әрбір жайқалған жапырақ, әрбір тынысы бар орман – сол үнсіз жасалған еңбектің нәтижесі.

✨ Біз осындай кәсіби, еңбекқор, табиғатты жүрегімен сүйетін мамандармен мақтанамыз!
Олар – болашақ ұрпаққа жасыл мұра қалдырушы тұлғалар! 🌱