🐺💧 Табиғаттың тамаша сәті!

«Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты аумағындағы фототұзаққа ерекше кадр түсіп қалды — су ішіп тұрған қасқырлар бейнеленген!

Бұл сурет — табиғаттағы үйлесімділіктің, аң-құстардың еркін өмір сүріп жатқанын көрсететін жарқын дәлел. 🌿
Осындай сәттер — резерват аумағындағы экожүйенің тұрақтылығы мен жануарлар әлемінің жақсы сақталып келе жатқанының айғағы.

📸 Табиғатты аялау – болашағымызды қорғау! 💚