🐅✨ 2 қазан күні «Ассоциация жолбарыс» ұйымы мен «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты бірлесіп Қарой ауылдық округінің тұрғындарымен «Адамдар мен жолбарыстар» тақырыбында кездесу өткізді.

Кездесу барысында Ресейден әкелінетін жолбарыстар, қақтығыс топтарының міндеттері және алдағы уақытта атқарылатын іс-шаралар жөнінде ақпарат берілді.

🌍 Сонымен қатар 15–17 қыркүйек күндері Ресей Федерациясының Хабаровск қаласында Қазақстан Республикасына амур жолбарысын реинтродукциялау мәселелері жөніндегі жұмыс тобының екінші отырысы өткендігі атап өтілді.