🌍✨ Дүниежүзілік жануарларды қорғау күніне орай, «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының «Экологиялық ағарту, рекреация және туризм» бөлімінің мамандары Бақанас мектеп-интернатының оқушыларына танымдық дәріс өткізді.

📚 Іс-шара барысында «Биоалуантүрлілікті сақтау» және «Дүниежүзілік жануарларды қорғау» тақырыптарында слайд-презентациялар көрсетіліп, оқушыларға жан-жақты мәлімет берілді.

🌿 Негізгі мақсат – жас ұрпақтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, жануарлар дүниесін қорғау мен биоалуантүрлілікті сақтаудың маңыздылығын түсіндіру.