«Алтын Емел» ұлттық табиғи паркінен 17 бас құлан «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватына реинтродукциялау мақсатында әкелінді.

Бұл жауапты іс-шара Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті, БҰҰ даму бағдарламасы, «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК мамандарының, білікті ветеринарлардың және резерват қызметкерлерінің бірлескен еңбегімен жүзеге асырылды. 🌿

Құландарды қайта жерсіңдіру үшін барлық жағдай жасалып, арнайы бақылау шаралары ұйымдастырылды. Мұндай қадам – тарихи ареалды қалпына келтірудегі үлкен жетістік. 🌍✨