🌿 Акцияға ауыл тұрғындары белсенді қатысып, табиғатқа жанашырлық танытты. Бірі қолына қап алып қоқыс жинаса, енді бірі өзгелерге үлгі көрсетіп, табиғатты аялаудың маңызын ұғындырды.
🔄 Мұндай шаралар — қоршаған ортаға қамқорлықты арттырумен қатар, келер ұрпаққа таза, көрікті өлке қалдырудың кепілі.
👏 Барша қатысушыларға алғысымызды білдіреміз! Табиғат — ортақ үйіміз, оны бірге қорғайық!
Дүниежүзілік тазалық күніне орай, «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының ұйымдастыруымен Қарой ауылдық округіндегі Нарын өзенінің жағалауында «Таза өлке» экологиялық акциясы өтті.
