🌿 Таза аула – Таза Қазақстан! 

«Парктер шеруі – 2025» және «Таза Қазақстан» экологиялық акциялары шеңберінде Қарой ауылдық округіндегі «Үлгілі» орта мектебінің ауласында үлкен тазалық жұмыстарыжүргізілді! 

🌱 Оқушылар, ұстаздар және қонақтар бірігіп, мектеп ауласын қоқыстан тазартып, гүлдер отырғызып, жасыл орта қалыптастыруға өз үлестерін қосты. Бұл тек тазалық шарасы ғана емес, табиғатты аялауға бағытталған нағыз экологиялық тәрбие сағаты болды!

Табиғатқа жанашырлық – өз болашағымызға қамқорлық! Бірге тазалық жасап, Таза Қазақстанды бірге құрайық!