🌎 5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай, «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының ұйымдастыруымен өткен «Парктер шеруі – 2025» халықаралық экологиялық акциясы өз мәресіне жетті!
🌱Шараның жабылу салтанаты Қарой ауылдық округіндегі «Үлгілі» орта мектебінде жоғары деңгейде өтті. Табиғатты аялауға бағытталған түрлі танымдық кездесулер, викториналар мен шығармашылық байқаулар қатысушылардың жүрегіне жол тауып, экологиялық сана қалыптастыруға үлкен үлес қосты.
💫 Қоршаған ортаны қорғауға бірге атсалысқан барлық қатысушылар мен мектеп ұжымына шексіз алғыс білдіреміз!
Табиғат – ортақ үйіміз, оны сақтап қалу – әрқайсымыздың қасиетті борышымыз!