?«Мұрағат – тарих шежіресі» ашық есік күні

? 18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне орай Балқаш аудандық тарихи-өлкетану музейінде тағылымы мол шара өтті!

?️ «Мұрағат – тарих шежіресі» атты ашық есік күні аясында ел тарихын, халық мұрасын дәріптеу, Тәуелсіз Қазақстандағы өлке тарихының маңызын таныту мақсаты көзделді.

? Көрме арқылы өлке өңірінің бай тарихына терең үңіліп, елге еңбегі сіңген тұлғаларымыздың өнегелі өмір жолы мен ерліктері ұлықталды.

?️ Музей қорындағы құнды жәдігерлер жұртшылыққа таныстырылып, мәдениет пен руханиятты ұлықтау ісіне айрықша үлес қосылды.

? Осы шараға «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты да атсалысып, «Резерваттағы жанды әлем» атты тақырыптық сурет көрмесін көпшілік назарына ұсынды.

? Қатысушылар өз ой-пікірлерін ортаға салып, алғыстарын білдіріп, естелік суреттерге түсті.

✨ Рухани құндылықтарды дәріптейтін мұндай шаралар ел жадында сақталары сөзсіз!