Бүгін «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының бастамасымен Балқаш аудандық Бақанас мектеп-интернатында танымдық экологиялық дәріс өтті. Мектеп ауласында оқушылардың белсенді қатысуымен тазалық іс-шарасы өткізілді.
🌱 Іс-шараның мақсаты – жас буынның экологиялық сауаттылығын арттыру, табиғатты қорғауға деген жауапкершілігін қалыптастыру және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың маңызын түсіндіру. Оқушылар қызықты мәліметтермен танысып, қоршаған ортаны қорғауға арналған сұрақтарға жауап беріп, өз ойларымен бөлісті.
Табиғатты аялау – болашаққа жасалған маңызды қадам.
💚 Жер – біздің ортақ үйіміз, оны бірге қорғайық!
🌏 Халықаралық жер күні
