Бүгін – табиғаттың тылсым сырын зерттеп, болашақ ұрпақ үшін баға жетпес байлықты сақтауға атсалысып жүрген ғалымдардың кәсіби мерекесі!
«Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының білімді де білікті ғылыми ұжымын шын жүректен құттықтаймыз!
Ғылыми бағыттың шын жанашырлары:
? Сакауова Гульжахан Батыевна – ғылым бөлімінің басшысы, ботаник, бриолог – өз ісінің шебері, ұжымның ақылшысы!
? Есжанов Айдын Бауыржанович – аға ғылыми қызметкер, териолог-паразитолог, PhD – ғылыми тереңдігімен ерекшеленетін маман!
? Байдавлетов Ерлик Рыспекович – кіші ғылыми қызметкер, териолог – табиғаттың жанашыры!
? Асылбек Аян Махмұтұлы – ғылыми қызметкер, ихтиолог – су әлемінің сырын зерттеуші!
? Саякова Зауре Зинуровна – ғылыми қызметкер, энтомолог – ұсақ тіршілік иелерінің білгірі!
? Зима Юлия Александровна – кіші ғылыми қызметкер, герпетолог – бауырымен жорғалаушылар әлемінің зерттеушісі!
Сіздердің ғылымға деген адалдығыңыз, еңбектеріңіздегі табандылық пен кәсібилік – болашаққа жасалған үлкен қадам! Ғылыми жолда шабыт, денсаулық пен жаңа жетістіктер тілейміз! Рахмет сіздерге – табиғаттың шын қорғандары! Сіздермен мақтанамыз! Құтты болсын мерекелеріңіз!Ұлы істеріңіз ұлағатты болсын!
