🌳 Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні 🌳

2025 жылдың 8-ші сәуірінде «Таза Like» жол картасы, «Парктер шеруі – 2025» және «Таза Қазақстан» экологиялық акциялары аясында «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты Қарой елді мекенінде «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні» атты табиғат қорғау іс-шарасын өткізді.

♻️Аталған іс-шараның мақсаты – қоршаған ортаға жанашырлық таныту, табиғатқа деген жауапкершілікті арттыру және болашақ ұрпақ үшін жасыл мұра қалдыру.

🌱Әр отырғызылған ағаш – бұл өмірге деген үміт, таза ауаның кепілі және Қазақстан табиғатына қосылған өлшеусіз үлес.

#ТазаҚазақстан #ПарктерШеруі2025 #ІлеБалқаш #АғашОтырғызуКүні #Экология #ЖасылБолашақ