⚜️ «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватында жолбарыстардың алғашқы қысқы кезеңі.

Кіші вольердегі ветеринариялық карантинінен кейін жолбарыстарға үлкен вольерлер ашылды, олардың әрқайсысының ауданы 0,5 гектардан астам. Бұл кешен жырткыштардың барлық қажеттіліктерін ескере отырып мұқият жобаланған, олар еркін козғалуға және табиғи инстинкттерін керсетуге мүмкіндік береді. Кең орта олардың жаңа мекенжайға бейімделуіне ықпал етеді. Жолбарыстар тіпті өздерінің тамақтану орнында қоректеніп жүрген қарға мен сауысқандарға аңшылық жасауда.

Қыстың басынан бастап еттін күнделікті нормасы көбейтілді, бірақ вольерде ұсталған жыртқыштарға арналған аптасына «қорексіз» бір күн сақталды, бұл жыртқыштарға тән тәртіп.

Біз «Іле-Балкаш» табиғи резерватында жолбарыстардың алғашқы қысқы кезеңін қалай өткеріп жатқаны туралы бейнебақылау камерасына түсірілген сирек кадрлармен бөлісуге қуаныштымыз. Бұл табиғи ортаға бейімделіп, Қазақстанда алғаш рет қысты өткізіп жатқан жыртқыштардың өмірін көру үшін тамаша мүмкіндік.

video-31-12-25-12-06