Сәуір мен мамыр айларында ең танымал тақырып – қызғалдақтар бар фото-түсіру болып табылады.
⠀
Көп ұзамай желіде мұндай суреттер көптеп пайда бола бастайды. Біз, сіздерге неге қызғалдақтарды жұлып алмау керек екенін білсеңіз дейміз.
⠀
Қарапайым қызғалдақтардан жабайы қызғалдақтар айырмашылығы, олар көбінесе пиязшықпен емес, тұқыммен көбейеді. Жаңа пиязшық пайда болуы үшін қызғалдақтың тұқымы 4-7 жыл бойы жерде жатуы тиіс.
⠀
Жыл сайын бұл пиязшықтардан гүл шоқтары өсіп шығады. Гүл шіріп, оның орнына тұқымдық қорап пайда болады. Осы қалыпта 70-80 жыл бойы, жыл сайын қайталанып отырады.
⠀
Қызғалдақ пиязшығы осы жылдар аралығында жер астындағы тіршілігін сақтай алады.
⠀
Тіршілігін сақтамауы да мүмкін. Өйткені сіз гүл шоқтарын дайындау үшін гүлді жұласыз, онымен бірге суретке түсіп, екі сағат ішінде гүл шоқтарын тастайсыз, себебі жабайы қызғалдақтар өте жылдам солып қалады.
⠀
Балаларыңыз бен немерелеріңіз қызғалдақты тек фотосуреттерден ғана біліп, көре алуы мүмкін, өйткені ол уақытқа дейін жабайы қызғалдақтар болмайтын да шығар.
⠀
Сіздер қызғалдақтарды жұлмайды деп және бұл туралы достарыңыз бен таныстарыңызға айтып береді деген үмітімізді үзбейміз.
⠀
Қызғалдақтарды жұлу – керемет емес!
⠀
Тірі қызғалдақтармен суретке түсу және суретке түсіру – бұл керемет!