Парктер шеруі – ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, соның ішінде Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерватын қолдау идеясы бойынша қоғамның барлық секторларын (бизнес, бұқаралық ақпарат құралдары, мемлекеттік органдар, жергілікті тұрғындар) біріктіруге бағытталған қоғамдық іс-шара. «Парктер шеруі» акциясы жыл сайын 22 наурыздан 22 мамырға дейін өткізіледі.
2010 жылы Орман және жануарлар әлемі комитеті акцияның нышаны ретінде қызғалдақ гүлін бекітті. Бұл өсімдікті таңдау кездейсоқ емес, себебі қызғалдақ Қазақстанның жазықтарының, көктем мен қайта туылудың өзіндік бейнесі, жаңа жыл басы және табиғатта жаңа өмір нышаны болып табылады.
«Парктер шеруі» адамдарға не береді? Ең алдымен, ұлттық жетістік ретінде қорғалатын табиғи аумақтар туралы барынша көбірек білуге және осы аумақтарды қолдауға өз үлесін қосуға: ақшалай, іс-шараларға қатысуға, еріктілер ретінде көмек беріп, қолдау көрсетуге болады. Жас ұрпаққа біздің табиғи және мәдени мұрамыздың мақтаныш сезімін жоғарылатуымыз қажет.
Акцияның негізгі қағидалары: еріктілік және шексіздік. «Іле-Балқаш» резерваты – біздің байлығымыз. Біздің байлығымызды біздің ортақ күш-жігерлерімізбен ғана сақтаймыз!
Барлықтарыңызды «Парктер шеруі» акциясына қатысуға шақырамыз!