Іле өзенінің атырауы — Орталық Азиядағы сақталған жалғыз өзен атырауы, қалған бөлігі (Сырдария, Амудария, Шу және т.б. атыраулар) жаһандық шөлейттену жағдайында тозған.
Это интересно
Бүгін — табиғаттың асыл қазынасы, күш пен айбаттың символы саналатын жолбарысты ұлықтайтын ерекше күн. «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты жолбарысқа тән орта мен биоалуантүрлілікті сақтау жолында еңбек етіп келеді. Тұран жолбарысы — қазақ даласының шынайы қожайыны болған. Оны табиғатқа қайта оралту — еліміздегі ерекше маңызы бар экожобалардың бірі. Жолбарыс тек жыртқыш емес, экожүйенің тепе-теңдігін ұстайтын тірек. […]