“Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар түрлерін есепке алуды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 01 наурызындағы № 25-03-01/82 бұйрығына сәйкес, ағымдағы жылдың қараша айының 14-17 күндері аралығында “Іле-Балқаш” мемлекеттік табиғи резерватының аумағында “Зоология институтының” және Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы мамандарының қатысуымен күзгі жабайы аңдардың санағы өткізілді.



